Ресей демографы дабыл қақты: "Санымыз екі есеге азаяды"

Ресейде халық санының өсімі биліктің басты мәселесінің біріне айналған. Мәскеу халық санын арттыру мақсатында ана капиталын қабылдаса да, орыс ұлтының саны Кремль қалағандай көбеймей тұр. Ресей жерінің кеңдігі мен қаза байлығының көптігі кемі  500 млн халықты қажет етеді дейді мамандар. Алайда Ресей халқының саны бар болғаны 146 млн.

 

demogr.jpg


Ресейдегі танымал демограф Юрий Крупнов «басты мәселе халық санының аздығы» дейді.

 

Оның ойынша алдағы таңда Ресей халқының саны азая бермек. «Қазір Ресейде, нақтылап айтсақ орыс отбасыларында бала саны 1.5 тең. Бұл тіпті ата-ананың орнын жаппайды деген сөз. Халық сақталу үшін кемі 2.5 болуы керек. Дәл қазіргі қарқынмен халық саны бізде ғасыр соңында екі есеге азайып кетуі мүмкін» дейді ол.

 

Президент Путин халық санын арттырудың бір механизмі ретінде жалақыны өсіру керектігін, әр балаға ай сайын жоғары жәрдемақы беруді айтқан болатын. Алайда Ресей экономикасы бұл жоспарды іске асыруға мүмкіндік бермейді дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар