Сот Саакашвилиге сауға бермеді...

6 ақпанда Тбилисиде Гүржістанның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге қатысты сот отырысы өтті. Сотқа экс-президент Саакашвили ауруханада жатып қатысқан. Сот Саакашвилиді мерзімінен бұрын босатудан және денсаулығына байланысты жаза мерзімін кейінге қалдырудан бас тартты. 

Projekt bez tytułu (13)_0.jpg


Осыған дейін Саакашвилидің адвокаттары экс-президенттің денсаулығы нашарлап, жан сақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлаған. Бұрынғы президенттің жақтастары оны түрмеде улаған деп есептейді.

Украина азаматтығын алған Гүржістанның бұрынғы президенті 2021 жылы күзде отанына қайтып келгеннен кейін, Тбилисиде қамауға алынған. Оған дейін ол сырттай алты жылға сотталған. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Былтыр жыл соңында денсаулығы нашарлап кеткеніне байланысты ол қамаудан ауруханаға ауыстырылған.

Қаңтардың басында Гүржістанда және 20-дан астам елде Саакашвилиді қолдаған пикеттер өткен.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар