Қазір Түркия аумағында 75 мың Қазақстан азаматы жүр

Қазақстан дипломаттары Түркия төтенше жағдайлар министрлігімен күн сайын байланыс орнатып отыр. Қазіргі таңда қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

9354eaabc9d3200374c0e2047975cfe319dac097.jpeg

Қазір Түркия қалаларында зілзаладан кейінгі құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйінділер астында әлі мыңдаған адам бар.  Ресми: Қаза тапқандар саны - 3549 адам. Жараланғандар саны - 22 168 адам.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркияда консулдық есепте 968 Қазақстан азаматы тұр. Анкарада – 498 адам, Ыстамбұлда – 45, Антальяда – 189 адам. Одан бөлек, Түркия аумағында 8 219 қазақстандық студент оқып жатыр. Туристік мақсатта барып-келушілерді есептегенде, қазір Түркия аумағында 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар