Моңғолдар Түркияға киіз үй жіберіп жатыр

Моңғолия зілзаладан зардеп шеккен Түркия мен Сүрияға киіз үйлер жіберіп жатыр. Бұл туралы  журналист, тележүргуші Ерқанат Көпжасар жазды.

енен.jpg

"Қазақстан Түрік мемлекетіне 1 миллион доллар ақшалай көмек, 101 құтқарушы жіберді. Бұл әлбетте орасан зор көмек. Одан бөлек ақшалай жылу жиналып жатыр. Моңғолия да апаттан аласапыран күйге түскен Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек көрсету аясында моңғолдың 20 киіз үйін жіберіпті", - деп жазды ол.

укпу.jpg

Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны - 12 873 адамға жетті. 


Зілзала кезінде із-түссіз жоғалып кеткен 3 Қазақстан азаматына қатысты да тың деректер шықты. Түркиның Хатай қаласында жоғалған Қазақстан азаматы Сабина Мамадиярова аман табылды. Оның қолы сынған.


Ал Мірболат Құрмашев пен Әділ Қыдырбековтардың болжаммен қайда екені анықталды. Олар үйінді астында қалған. Қазір құтқарушылар сол орынға аттанған. Бұл ақпаратты СІМ де растап отыр.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар