Алаң: Ұлттық қорда қанша қаржы бар?

Бұл туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Ұлттық банк дерегінше, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,9 млрд АҚШ долларына ұлғайып, қаңтардың аяғында 57,6 млрд долларды құрады.


njdL12Ln.jpg


«Әлемдегі қор нарықтары 2023 жылды оптимизммен бастады. Нәтижесінде тәуекел-дәрежесінің артуы акциялар мен облигациялардың өсуіне, сондай-ақ алтын бағасының айтарлықтай ұлғаюына әсер етті. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтарда 1,8 млрд АҚШ долларын құрады.


Активтердің өсуіне ықпал еткен қосымша фактор – Ұлттық қорға түскен түсімдер саналады. Мәселен, қаңтарда қорға түскен валюталық түсімдер 329 млн АҚШ долларын көрсетті.

Бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 235 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 228 млн АҚШ доллары сатылды. Трансферт үшін қаражаттың негізгі бөлігі қорға теңгелік түсімдер есебінен бөлінді»,-дейді маман.


Ал, 2022 жылғы қаңтар айының соңында елдің халықаралық резервтері, оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (53,9 млрд доллар)  қоса есептегенде 87,4 млрд долларды құрады.

"Алтын-валюта резервтерінің төмендеуі бағалы металдың бағасын төмендету және опциондық стратегиялар шеңберінде алтынды сату, мемлекеттік қарызды төлеу және Ұлттық Банктің араласуы есебінен болды. Бұл ретте резервтердің валюталық бөлігі Ұлттық Банктің корреспонденттік есепшоттарындағы ЕДБ қалдықтарының өсуіне байланысты ұлғайды, бұл алтын бағасының төмендеуін біршама теңестірді", - деген болатын Ұлттық банк.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Қазақстан Ұлттық қорының активтері 55,3 млрд долларды құрады.

2001 жылдан бері Ұлттық банк қорының ең жоғары көрсеткішін 2014 жылы тамыз айында 77 млрд долларға жетіп, көрсеткен екен.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар