Байден: Жерге түс Путин, жерге түс!

Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ның өз ішінде келісіге келе алмай, ыдырайтынына және Ресей әскерін Украинаның орыс тілді халқы құшақ жайып қарсы алатынына бек сенді. Бірақ, олай болмай шықты. Бұл АҚШ президенті Жо Байденнің «PBS  NewsHour» арнасына берген сұхбатында айтқан пікірі.

KMO_162543_36861_1_t222_044800.jpg

Байден: «НАТО-ны ыдырату Путиннің қолынан келмейді және ол қазір Украинадан біржола айырылып қалды», - депті.

Әрі қарай: «Ол Украинаға соғыс ашып, басып кірсек, ондағы орыс тілділер бізге қуанады деп ойлады. Әзір де солай ойлауы керек. Кіріңіз, онда. Ол НАТО өзара келісіге келе алмайды. Түбі ыдырайды. Сондықтан Украинаға қатысты батыл әрекет ете алмайды деп ойлады. Жерге түсіңіз! Сіз ойлағанның ешқайсысы болған жоқ», - дейді Байден.

Сонымен қатар, АҚШ  президенті соғыс толық аяқталғанға дейін АҚШ пен НАТО, Батыс қауымдастығы Украинаға қолдауды тоқтатпайтынын айтқан.

Байден: «Ресейдің Украинаға соғыс ашуы – Америка мен әлем үшін үшінші тарихи сынақ. АҚШ Украинаға көмек көрсетудің эаһандық коалициясын құра алды», - депті.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар