Қажыгелдин: «Терещенко нағыз советтің адамы болды»

Саясаткер Әкежан Қажыгелдин таяуда қайтыс болған Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко туралы естелігімен бөлісті.


photo_421421.jpeg


«Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Үкімет басшысы болған Сергей Александрович Терещенко өмірден озды. Ол кісінің қазасын мен Қазақстаннан жырақта жүріп естісем де, дәл жанында тұрғандай жүрегіме батты. Өйткені біз қиын-қыстау кезеңді, сынақтарды бірге бастан өткізіп келдік. Бейтаныс майдангерлер, қиын экспедицияларды бірге бастан кешкендер бір-бірін дәл осылай уайымдайтын еді»


Қажегелдиннің айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздігі «қиын экспедиция, тарихи жоба, бітіспес күрес майданындай болды, соның бәрін аға буын қазақстандықтар Сергей Александровичпен бірге көрді. Премьер-министрдің кез-келген шешімі ертеңгі күні-ақ дүкендердегі зат бағасына айырбастау пункттеріндегі кезектерден бастап мыңдаған митингілердің толқынысына дейін әсер ететін.

Қажыгелдин өзінің Терещенконың алғашқы орынбасары болған кезін еске алып, оның ешбір әрекетін сөкпеді.

1-48.jpg


«Өйткені апаттың аузында тұрған ұшқыш екі жолдың бірін таңдайды: ұшақты құтқарды не құлайды»,-деді ол.

Әкежан Мағжанұлының пікірінше, Сергей Александровичтің «кәсіпкер ретінде, қарапайым азамат ретінде» Қазақстандағы алғашқы өзгерістер: Астананың атын қайтару, тұңғыш президенттің туыстарына сот үкімі жүрмейтін заңның жойылуына куә болғаны бір бақыт.


«Сергей Александрович Терещенко өте ауқымды кеңес адамы болды. Қазіргі Қазақстанның жас тарихшылары Терещенко үкімет басында тұрған кезеңді зерделеуге тиіс. Онымен бірге жұмыс істеп, арасында дауласа жүріп, кеңес экономикасынан шығуға талаптанғандар дәл қазір қайғыға батып отырмыз»,-деді Қажегелдин


Айта кетейік, 10 ақпанда Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі, кәсіпкер Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол 1991 және 1994 жылдар аралығында еліміздің министрлер кабинетін басқарды. Осылайша тарихта тәуелсіз Қазақстанның Үкіметін бірінші басқарған адам ретінде қалды. Кейін кәсіппен айналысты. 2022 жылы Forbes -тің Қазақстандағы ең ірі 50 кәсіпкер тізіміне енген.


Терещенко "Интеграция" халықаралық қоры" ЖШС басқармасының төрағасы әрі ақырғы бенефициары болған. Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы кәсіпорындар мен ұйым қауымдастығына жетекшілік еткен, ұлттық омарташылар одағының құрылтайшысы болған.

 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар