30 жылда АҚШ Қазақстанға қанша ақша салды?

Американың  Қазақстанға 30 жыл ішінде құйған инвестициясы $62 млрд долларға жетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмнің кездесуінде айтылды.


1455862196_valyut.jpg


Отырыс барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық динамикасы жоғары бағаланды.


Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 37,2% - ға ұлғайып, 2021 жылмен салыстырғанда $3,05 млрд-қа жетті.


1993 жылдан бастап АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағынының жалпы көлемі $62 млрд-тан асты. 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында тікелей инвестициялар ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,8% - ға, $5 млрд-қа ұлғайды.

 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар