Атамбаевқа шетелге шығуға рұқсат берілді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың «қылмыс әлемінің беделдісі» Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа шығару фактісі бойынша қылмыстық ісі тағы да қаралады, деп жазды 24.kg.


1063408524_0_394_2220_1643_1920x0_80_0_0_92977a295af4ab6ea027a19026265eff.jpg


Басылымның дереккөздері атап өткендей, мұндай шешімді Бішкектің Первомай аудандық соты қабылдаған.


«Жоғарғы Сотқа бұрынғы президенттің адвокаттары өтініш берді. Олар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі тағы қарау қажеттігін атап өтті. Осылайша, Бішкектің Первомай аудандық соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты істі қайта қарайтын болады», - деп хабарлады редакция.


«Бұдан басқа, алдын ала мәліметтер бойынша, сот Алмазбек Атамбаевқа шетелге шығуға рұқсат берді. Мұндай шешім оның дертіне байланысты қабылданған болуы керек, - деп жазады басылым.


Естеріңізге сала кетейік, Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша 19 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, бұрынғы бас прокурорлар Индира Жолдубаева және Аида Салянова бар. МКҚК бұрынғы төрағасы Бусурманқұл Табалдиевке іздеу жарияланды. 

2020 жылдың маусым айында Алмазбек Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар