Мұхтар Жәкішев: «Түрмеге түсуіме Путиннің қатысы бар»

Қоғам қайраткері Мұхтар Жәкішев «Түрмеге қамалуыма Путиннің қатысы бар», - деді украин журналисі Дмитрий Гордонға берген сұхбатында. Айтуынша, 1998 жылы жабылуға шақ тұрған «Қазатомпром» кәсіпорнына басшылық қызметке келеді. Білікті маман өнеркәсіпті өркендетіп, ел қатарына қосады.


ккерк.jpg

«Біз нарықта үстемдік құра бастадық. Интеграцияланған компания құрдық. Біздің Жапония, Қытай, Америкада позициямыз өте күшті болды.


Атом электр станцияларын салу саласының үздігі Westinghouse Electric компаниясының 10 пайызын 540 млн АҚШ долларына сатып алдық. Әлемдегі атом электр станцияларының 50 пайызы осы компанияның дизайнымен салынған. Біз оның 10 пайыздық акционері атанып, жапонның алдыңғы қатарлы компанияларымен теңдей болдық. Еліміздің атом саласындағы болашақ бағдарын анықтадық.


Ол кезде саясатта не болып жатқанынан хабарым болмаған. Бар күшімді экономика саласына бағыттадым. Осылайша жапондармен бірлесе әрекетке көштік. Мен оларға «Ресейдің атом өндірісі саласындағы тәжірибесін пайдаланайық. Біріксек жұмыс жылдам болмақ», - дедім. Жапондар жақтырмады, бірақ келісті. Мен ол кезде әлемдік деңгейдегі атом саласы туралы ойлаған едім.


Мен ресейліктерді, атап айтқанда Кириенконы жапондармен, Toshiba президентімен таныстырдым. Сол кезде ресейліктер қулығын асырып, біздің алдымызды орап кеткісі келді», - дейді ол.


Жәкішев Ресей тарапымен атом өндіруде біздің арамызда келісім болғанын айтады.


«Ресеймен мынадай келісімге келдік: Біз оларға уран өндіруі үшін бірлескен кәсіпорыннан орын береміз, олар бізге уранды байытуға арналған кәсіпорнынан үлес береді. Яғни олар біздің уран өндірісінен пайда тапса, біз де дәл солай олардың уран байыту кәсіпорнынан пайда табамыз», -дейді қоғам қайраткері.


Бірақ Ресей соңына келгенде сөзінен тайқып шыға келген.


«Санкт-Петербургке барғанымда, мен жатқан қонақ үйге Кириенко мен Смирнов жетіп келді. «Келісім-шартқа тезірек қол қояйық», - дейді. Қарасам, біздің тарап Ресеймен бірге уран өндіретін кәсіпорын құрып, оларды кіргізеді екен, ал Ресей бізді уран байыту зауыттарына кіргізуді мүмкіндігіне қарай қарастырады.


Мен қол қоймаймын дедім. Сіздер қарастырсаңыздар, бізде қарастырайық. Алмақтың да салмағы бар.


Кириенко айтады: «Путинге айтып қойдық, ол ашуланады, айғай-шу болады», - деп. Оның маған не қатысы бар? Путин менің президентім емес, менің елім басқа. Мына жерде менің елімнің мүддесі аяқ асты болып тұр. Путиннің не ойлайтыны маған маңызды емес дедім», - дейді ол.


Көп кешікпей Ресей президенті Владимир Путин Мұхтар Жәкішев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты кездесуге шақырады.

 

«Путин кездесуде маған дауыс көтеріп сөйлей бастады: «Мүмкін жақсы менеджер шығарсың, бірақ саясаттан хабарың жоқ. Мен бұл келісімге қол қояйын деген едім. Бұл жақсы саяси шешім болайын деп тұр еді», - дейді. Мен Нұрсұлтан Әбішұлына бұрылып, одан сұрадым: «Біз Ресеймен қандай қатынастамыз, біз теңбіз бе?». Ол: «Біз теңбіз»,- деді. «Онда келісім-шартқа қол қоймаймын, қинайтын болсаңыз, ертең-ақ жұмыстан кетемін», - дедім. Сонымен келісім-шарт қайта қаралатын болып тарастық», - дейді Жәкішев.


Кейін Мұхтар Жәкішев Путиннің өзіне тіс қайрап қалғанын естіген.


Жәкішев өзін Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық келісім жасалар тұста және ресейлік делегацияның Жапониядан Қазақстан арқылы қайтып келе жатқанда қамауға алғанын айтады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар