Қоғам қайраткері Арман Шораев мемлекеттік қызметкерлерді қазақша сөйлеуге міндеттеуді сұрады.
Шораев «мемлекеттік органдарда орыс тілін қазақ тілімен тең дәрежеде қолдануға болатындығы» туралы жазылған Конституцияның жетінші бабын алып тастауды ұсынды және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның бабын өзгерту керек деп санайды.
«ҚР Конституциясының 7-бабы, 2-тармағында жазылған және Қазақстан Республикасы «Тiл туралы заңының» 5-бабындағы: «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады»,- деген мәтінді алып тастауды талап етемін! Қазақ елі аумағында тек қазақ тілі мемлекеттік және ресми тіл болуға тиіс деп санаймын», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Mezgil.kz