Боранбаев пен Мәсімовтың соты өтіп жатыр

Бүгін қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған шенді тұлғаларға қатысты сот отырыстары өтті. 


dlya_sayta_kartinka.jpg


Оның бірі – Қайрат Боранбаев, Астана қаласында денсаулық жағдайына байланысты сот процесіне қатыса алмаған. Боранбаевты тексерген дәрігер оның дертіне «ауырлығы орташа» деген қорытынды жазып беріп, невропотолог пен нейрохирургқа қаралуға кеңес берген. Ulysmedia.kz жазуынша, сот Боранбаевтың не үшін сот залына келмегенін білу үшін №64 уақытша қамау оқшаулағышына хат жолдаған. Келген жауапта «денсаулық жағдайының ауырлығы орташа болғандықтан, оны әкелу мүмкін болмай тұрғаны» жазылып, мекеме сотты Астана әкімдігіне қарасты «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына бағыттаған. Ол орталық сотқа Боранбаевтың денсаулық жағдайы жөнінде нақты жауап бермеген.


arbatmedia-sud-zapretil-foto-i-videosemku-svidetelskix-pokazanii-po-delu-kairata-boranbaeva-1992-800x448.jpg


Достық орталығына соттан сауалхат 17 ақпанда қайтадан жолданды.

«Оны невролог қарады. Неврологтың қорытындысы бойынша, Боранбаев өздігімен жүре алады. Алайда оған төсекте жатып емделуге кеңес берілген. Боранбаевтың денсаулық жағдайын ескере келе сот отырысты дүйсенбі сағат онға ауыстыруды жөн көреді. Сот ісі дүйсенбі, сейсенбі мен сәрсенбіде қаралады. Оған қоса бейсенбі мен жұмада да», - деді судья Бапақова.

Айта кетсек , Қайрат Боранбаевқа және оның серіктестері Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серге «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде 14,5 млрд теңге қаражат жымқырды деген айып тағылған. Ибулла Сер шет елдердің бірінде былтырдан бері бос тасалап жүр.


photo_418198.jpeg


Екінші сот ісі Павлодар облысында ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімовке қатысты өтіп жатыр. 

Ол Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен 2022 жылы 17 қаңтарда босатылып, сол жылы маусымда Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылып, іздеу жарияланды. 

Ол былтыр 13 шілде Ресеймен шекарада ұсталды. 



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар