Қазақстан құтқарушылары елге оралады

Түркиядағы алапат жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарын атқаруға аттанған Қазақстандық құтқарушылар бүгін елге оралмақ.


63e27bdeeb63c450070281.jpg


Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың бірінші легі Түркиядан Алматы қаласына 2023 жыл, 18 ақпан, сағат 23.10-да келеді.


Қазақстан құтқарушылар жасағы үйінді астында қалған 88 адамның денесін шығарып, 7 адамды аман-сау құтқарған.


«Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Күн-түн демей кезекшілікке бөлініп құтқарушыларымыз жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Басқа мемлекеттердің, осы Түрік елінің құтақрушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтап жатырмыз, - деді 


Түркиядағы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев.

 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар