Ресейдің келесі нысаны Балтық елдері мен Қазақстан

Ресейдің реваншистік, имперлік араны ашылған үстіне ашыла түседі. Ол Украинаны жеңсе, ол жеңісін қанағат тұтып отырмай, бұрынғы Кеңес одағының елдеріне де ауыз сала бастайды. Владимир Путиннің басқару кезеңінде Ресейде авторитаризм күшейді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Уильям Кортни «The Hill» басылымына берген сұхбатында айтқан.


38_main.jpg


Сарапшы, Ресейдің келесі соғысын бастауы мүмкін мемлекеттерді атап өтіпті. Оның ішінде Қазақстан да бар.


«Ресей әскері Қазақстанның солтүстігіне басып кіруге тырысуы мүмкін. Ол жерде славян халқының едәуір бөлігі өмір сүреді. Ресейлік реваншистер, оның ішінде, Кеңестік диссидент Александр Солженицын ұзақ уақыт бойы Қазақстанның солтүстік аймақтарын Ресейге қосуға шақырған. Ресей сонау алыстағы Қазақстанға көмектесе алмайтынына бек сенімді», - деп айтыпты бұрынғы елші.


Уильям Кортнидің сөзінше, Ресей Балтық елдеріне: Эстонияға, Латвияға шабуыл жасап, басып алуға тырысуы мүмкін.


Беларусь басшысының өзіне берілгеніне қарамастан, халқының Украинаға әскер жібертпей не Ресейлік әуебазаны еліне орналастырмай отырғаны Путинді ызаландырады. Кремль Александр Лукашенконы орнынан кетіріп, Беларусьті Батыстың қатысуынсыз аннекциялап алуды көздеуі мүмкін. Бірақ Мәскеу халық наразылығынан қорқады. Ал ақпан айында Ресей СІМ Сергей Лавров Молдава «екінші Украина» болуы мүмкін дегенді айтқан. Ресей әскерлері сепаратистік аймақ Приднестровьені басып алған.


Ресей Грузияның бақылауындағы Қара теңіз жағалауын басып алса, ол Қытайға, Орта Азияға және Оңтүстік Кавказға теңіз арқылы шығатын тауарларды бақылауда ұстай алады. Кремль демократиялық Грузияның Батыспен байланысына қарамастан, оны Еуропаның бөлігі ретінде көрмейді.


Сондай-ақ Ресей Әзірбайжан, Қазақстан және Түрікменстанның Каспий энергетикалық активтерін тартып алуға тырысуы мүмкін. Ол үшін Каспий теңізіндегі Ресей әскери-теңіз армадасы жағалаудағы нысандарға соққы беріп, артынан энергетикалық нысандарды қорғауға көмектеседі.


Ресей көршілерінің тағдыры көп жағдайда Украинадағы соғыстың қалай аяқталатынына байланысты. Егер Кремль «жеңген сыңай» таныта алатын күнге жетсе, ол басқаларға күш көрсете бастайды. Сондықтан батысқа да  орыс әскерінің украин жерінен кетіп, Ресейдің реваншистік билігінің тоқтағаны керек. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар