Путиннің жолдауы: Кремль қожайыны не деді?

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Украинаға өзі бастаған соғысқа бір жыл толуына орай федералды жиын өткізді. 


1850965570_0_70_2972_1742_1920x0_80_0_0_410697468febc015c77e6cac8d5f73af.jpg


Сонымен Кремль қожайыны не деді, назар салайық:


– Ресейді соғыс даласында жеңу мүмкін емес. Сондықтан бізге қарсы ақпараттық шабуылдар жасалып жатыр. Көптеген жастар соның құрбанына айналуда;


– Батыс Ресейге стратегиялық соққы беру ойын жасырмайды. Бұл біз үшін ат құйрығын біржола үзісу дегенді білдіреді. Батыс жергілікті жанжалды әлемдік деңгейдегі қақтығысқа жеткізгісі келеді. Біздің бұған берер жауабымыз бар,-деді ол.


Путиннің ойынша, соғысты бастаған батыс, ал Ресей сол соғысты тоқтата алмай жатыр-мыс.


– Біз соғысты бастаған жоқпыз, біз соғысты бар күшімізбен тоқтатпақпыз. Ресей бейбітшілік үшін қолдан келгеннің бәрін істеді, Батыспен диалогқа келуге де дайын болды,-дейді ол.


Путиннің сөзінше батыста педофилия «қалыпты жағдайға айналған».


– Батыста не болып жатқанын қараңыздар. Педофилия қалыпты жайтқа айналған. Дінбасылары бір жынысты некені қиып жатыр. Батыстың нейтралды-гендерлі құдайы бар. Кешіре гөр, құдайым, олар өзінің не істеп не қойып жүргендерін білмейді. Біз балаларымызды ондай азғындықтан қорғауымыз керек. Солай істейміз де,-деді ол.


Путин ресейлік олигархтарды елге қайтуға шақырды.


– Кейбір кәсіпкерлер шетелден яхталар мен жылжымайтын мүлік сатып алды. Енді олар санкцияның астында қалды. Мен сіздерге ескерткенмін. Соттан сотқа жүгіріп, шаршайсыздар,-деді Ресей президенті.


Оның ойынша, батыс Ресейдің байларын тонаған.


– Шетел банктеріндегі қыруар қаржысынан, яхталары мен зәулім сарайларынан айырылғандарға қарапайым халықтың еш жаны ашыған жоқ,-дейді ол. 


Сондай-ақ Путин АҚШ-тың ядролық қаруды сынауға дайындалып жатқанын атап өтті. Қорғаныс министрлігі мен Росатомға да сынақтарға дайындалуды тапсырды.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар