Соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары: «Ресей 2030 жылға дейін Беларусьті толық бақылауға алады», - дейді. Бұған дейінгі халықаралық журналистердің зерттеу материалдарын сараптай отыра осындай тұжырымға келген.
Ресей диктаторы Владимир Путин Беларусьті қол астына алатын болса, Батыс НАТО-ның шығыс қанатының қауіпсіздігіне алаңдауы қажет.
«Егер Батыс Путинге Украинаның, атап айтқанда Қырымды және шығыс Херсон аймағын бақылауда ұстап отыра беруіне мүмкіндік берсе, Кремль басып алған Украина аумағын және басып алатын Беларусь территорияларын пайдаланып НАТО-ның Шығыс қанатына қауіп төндіре алады», - делінген мәлімдемеде.
ISW сарапшылары Батыс Украинаны «НАТО-ның шығыс қанатын Ресейден және Ресей басып алған Беларустен қорғаудың сенімді әскери серіктесі» етсе болатын еді. Осылайша НАТО-ның болашағына жағдай жасай алады дегенді айтады.
«Ол үшін НАТО Украинаға Ресей әскерлерін өз аумағынан шығаруға мүмкіндік жасауы керек», - деді сарапшылар.
2023 жылдың 25 қаңтарында Украина Қорғаныс министрлігінің барлау басқармасы «Беларусь басшысы Александр Лукашенко өзінің Ресейдің қармағында екенін біледі, оның жағдайы қиын» деген еді.
21 ақпанда Беларусь «мемлекетке опасыздық жасаған» әскери қызметшілерді өлім жазасы кесетінінін мәлім етті.
Mezgil.kz