Байден мен Путиннің айтысы: Кремльдің ядролық бопсасы

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл толды. Кеше Ресей президенті федералды жиналыс жасап, әдеттегідей Украина соғысына Батысты кінәлады.


керке.jpg


«Кезінде нацистік Германияны қолдаған Батыс бүгінде Украинаны Ресейге қарсы қойып, неонацитік елге айналдырды»,- деді ол.

756666312162316.jpg


Ал 20 ақпанда Киевке барып Зеленскиймен кездескен АҚШ президенті Джо Байден:


«Путин Украинаны әлсіз деп ойлады, біздің бірігетінімізге сенбеді. НАТО бірлігін сақтай алмады деп ойлады. Басқа елдердің Украина жағына шығатынын күтпеді. Алдымызды орап кетемін деп ойлады. Ол қатты қателесті. Басқыншылық соғысын іске асыра алмады», - деді, сондай-ақ Батыстың Украинаға көмек беруін тоқтатпайтынын айтты.


thumbs_b_c_b3c56bc2e97f5b7ecaddce32c0965345.jpg


Путин өз жолдауында Ресейдің стратегиялық шабуыл қарулары туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді.


Бұл құжат Ресей мен АҚШ арасында 2010 жылы қабылданған. 2026 жылға дейін күшінде болуы керек еді. Ол кезде АҚШ тізгіні Обаманың, Ресей тағы Медведьевтің астында болған.


Шарт күшіне енгеннен кейін жеті жыл ішінде екі елдің стратегиялық шабуыл қаруларын төмендегі ретпен шектеу керек деп келісілген:

— 700 дана континентаралық балистикалық зымырандарды, су асты кемелеріндегі балистикалық зымырандарды және жойқын бомбалаушы қаруларды;

— 1550 дана ядролық оқтұмсықты;

— 800 дана орналастырылған және орналастырылмаған зымыран ұшырғыш қондырғыларды қолдануды шектеу.


2021 жылы Путин арнайы қаулы шығарып, жоғарыдағы келісімді ұзартқан және Украинадағы соғысқа байланысты екі жақтың бір-біріне дұшпандық риторикасына қарамастан шартты күшінде қалдырғысы келетінін айтқан болатын.


756076118765499.jpg


АҚШ президенті Джо Байден Киев сапарынан кейін, Польшаға аттанды. Ол Молдаваның ЕО-ны қолдайтын, Ресей үкіметіне қарсы президенті Мая Сандуға қолдау білдірді.


Путин сейсенбіде Молдаваға қысымын күшейтті. Ол Молдованың тұтастығын мойындайтын 2012 жылғы Жарлықты жойып, сепаратистік аймақ Приднестровьенің тағдырын шешті.


Президент Байден бүгін НАТО-ның тоғыз елінің басшыларымен кездесті. Ол өз сөзінде Батыстың Ресейге шабуыл жасау, бақылауға алу туралы ойы болмағанын айтты.


«АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге бақылау орнатуға немесе оның көзін жоюға ұмтылмайды. Путин айтқандай Батыстың Ресейге шабуыл жасайтын жоспары болған жоқ. Көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас жасағысы келетін миллиондаған Ресей азаматтары біздің жауымыз емес. Бұл соғыс ешкімге керек емес. Бұл трагедия. Соғысты президент Путин таңдады», - деді Байден.


АҚШ президенті Путинге НАТО елдеріне шабуыл жасауды тіпті ойына да алмауды ұсынды. «НАТО-ның бір ғана еліне шабуыл жасау, ол ұйымдағы бүкіл елге шабуыл жасаумен тең», - деді ол.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар