«Бухарест тоғыздығы»: Күнің бітті, қу Ресей!

Варшавадағы «Бухарест тоғыздығы» — НАТО-ның шығыс флангындағы елдердің кездесуінде АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон ұйымның әр миллиметрін қорғауға дайын екенін атты.

апта.jpg

«АҚШ НАТО блогына адал. 5-бапта (альянстың барлық мүшелерінің аумағын ұжымдық қорғауды көздейтін НАТО Жарғысы) – Америка Құрама Штаттары берген қасиетті уәде тұр. Біз НАТО-ның әр миллиметрін қорғаймыз!», - деді АҚШ президенті Джо Байден.

756666312162316.jpg


Сонымен өзге елдердің көшбасшылары не деді? Шолып шығайық:

65af3679d53fea00dd34ec1d0a8a87d2_XL.jpg

Польша президенті Анджей Дуда: «Біз тарихымызды мәңгіліке өзгерткен, Еуропаның және бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндірген оқиғаның бір жылдығында кездесіп отырмыз. Мен былтыр 24 ақпанда Ресейдің Украинада бастаған қанды соғысы туралы айтып отырмын»,-деді.

iohanis_63296500.jpg

Румыния президенті Клаус Йоханнис: «Біз Украинаға қарсы болып жатқан қатігез соғыс Ресейдің соңғы агрессиясы болсын десек, батыл шешім қабылдауымыз керек, агрессияның әрі қарай жалғасуын болдырмауымыз керек. НАТО өзінің Украина мен оның халқына деген адалдығын анық көрсетіп отыр», - деді.

1661345438-1647434641-სტოლტენბერგი-1.jpg

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг: «Ресей басқыншылығына бір жыл өтті, бірақ Путиннің тоқтағысы жоқ. Ол соғысты жалғастырғысы келіп отыр. Сондықтан біз Украинаны қолдай беруіміз керек. Тіпті көмекті арттыруымыз керек. Біз Украина жеңіске жетуі үшін оған қажет нәрсенің бәрін беруіміз керек... Біз соғыстың қашан аяқталатынын білмейміз, бірақ біткен кезде мұндай сұмдықтың қайталануына жол бермеуіміз керек. Көптеген жылдар бойы Ресейдің өзге елдерге агрессиясын көріп келдік: 2008 жылғы Грузия, 2014 жылғы Қырым мен Донбасс, кейін былтырғы басталған соғыс. Біз Ресейге Еуропаның қауіпсіздігін одан әрі бұзуға жол бере алмаймыз. Біз Ресейлік агрессия циклін бұзуымыз керек», - деді.

11litva4.jpg

Литва президенті Гитанас Науседа: «Біз Украинаның НАТО-ға мүшелігі туралы талқыладық. Вильнюстегі саммиттен кейін Украина НАТО-ға біршама жақындай түседі (альянс саммиті биыл шілдеде өткізуді жоспарлап отыр).

GettyImages-1161846485.jpg

Латвия президенті Элгис Левитс: «Украина жері босатылып, оның аумақтық тұтастығы қалпына келтірілуі керек. Сондықтан біз әскери және экономикалық қолдауды аямауымыз керек. Әсіресе Ресей жаңа шабуылға дайындалып жатқан алдыңғы айларда», - деді.

Без названия.jpeg

Эстония президенті Алар Карис: «Біздің бірлігіміз бұрынғыдан бетер бекем бола түсті. 24 ақпан Эстония үшін маңызды күн. Бұл біздің тәуелсіздік күніміз. Тәуелсіздік алғанымызға 105 жыл толды, бірақ оны шегеріп, Украинадағы соғысқа байланысты бір минут үнсіздік жариялаймыз», - деді ол.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар