Ауыр атлетика: Париж олимпиадасынан үміт азайды

Кеше ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 24 жастағы Игорь Сон допингпен ұсталуына байланысты 8 жылға спорттан шеттетілді. Одан бөлек, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Абылай Әуелханов (4 жыл), жасөспірімдер арасындағы күміс жүлдегер Алексей Дроздов (4 жыл), жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Руфина Чалкарова (4 жыл), Юлия Потасова (4 жыл),
Матвей Макрушкин (2 жыл) бар.

79b1fc19-a998-4af2-ada4-d8d0250b2fe5.jpeg
Допингтен соң, ауыр атлетикаға сәтті оралған 1 ғана спортшымыз бар.  ЗҮЛФИЯ ЧИНШАНЛО — 2012 жылы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы атағынан айырылып, Рио Олимпиадасына бару құқығы берілмеді. 2018 жылға дейін спорттан шеттетілді (2 жыл). Бірақ 2021 жылы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанып, Париж Олимпиадасында да топ жаруды көздейді.

ҚАЗІР НЕШЕ АУЫР АТЛЕТШІМІЗ ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕ?

Дәл қазіргі сәтте 25 спортшымыз допингпен ұсталуына байланысты әлі де спортқа орала алмайды.

2016 жыл.
Фаина Сиванбаева — 3 рет ұсталып, өмір бойына спорттан шеттетілді.
Жасұлан Қыдырбаев — 8 жыл

2017 жыл.
Светлана Подобедова — 8 жыл Ғалымбек Жұбатқанов — 8 жыл Максим Лактионов — 8 жыл

2018 жыл.
Владимир Седов — 8 жыл.

2019 жыл.
Мария Грабовецкая — 2 жыл
Ирина Некрасова — 2 жыл
Максим Ню — 4 жыл
Талғат Абен және Айбол Көлбаев — бапкерлер

2020 жыл.
Анна Нурмухамбетова — 4 жыл Бексұлтан Төлепов — 4 жыл

2021 жыл.
Нұрлыбек Саменов — 8 жыл
Анелия Сумбембаева — 3 жыл
Мадияр Айдар 2 жыл

2022 жыл.
Матвей Макрушин — 2 жыл
Наталья Щупакова — 3 жыл
Бақдаулет Камал — 2 жыл
Карина Жунуспаева — 2 жыл
Игорь Сон — 8 жыл
Алексей Дроздов — 4 жыл
Абылай Әуелханов — 4 жыл
Юлия Потасова — 4 жыл
Ниджат Рахимов — 8 жыл


Қанат Байұзақов


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар