Ресей одағы: Қазақстан Мәскеуге жем болып отыр

Қазіргі уақытта кедендік баж салығынан түсетін пайданың 85,33% Ресейге тиесілі екен. Ал Қазақстанға бар болғаны 7,11 %, Беларуське 4,55 %, Қырғызстанға 1,9 %, Арменияға 1,11% тиеді. 


118899.jpg


Бірақ кейінгі екі жылдағы оқиғалар, пандемия, Украинадағы соғыс, көп дүниені өзгертті. Бұлай жалғаса берсе, Кедендік одақтағы мемлекеттердің сауда-саттық байланыстары әлсірей береді. Бірақ бізде дами түспек. Соған қарамастан кеден бажынан түсетін пайданың тек 7,11 % Қазақстанға тиесілі болып, 85,33% Ресейге тиесілі бола бермек пе?


Қазақстан бүкіл жүкті өзі көтере бергенді қоюы керек. 


Сондықтан депутаттыққа кандидаттар мен азаматтар еліміздің Кедендік Одақтан шығуын қолдауға тиіс. 


Айта кетсек,  2010 жылдың басынан Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кеден одағы жұмыс істей бастады. 2010 жылғы 1 шілдеде Кеден одағының Кедендік кодексі қабылданды.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар