Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан өз аумағын басқыншылыққа беріп қойып отырмайтынын айтты.
Оның айтуынша, еліміз ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД одақтарына мүше, сондықтан Ресейден қауіп күтпейді.
«Біз Ресеймен қарым-қатынасты көпжақты құрылым аясында жұмыс істейтін альянс ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастыққа немесе екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсам, бізде берік құқықтық база бар. Біз Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараны делимитациялауды аяқтағанбыз. Бұл – 7,5 мың шақырымға жететін әлемдегі ең ұзын құрлықтағы шекара», -деді Мұхтар Тілеуберді.
Министр Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануды жалғастыратынын айтты.
«Осылайша, біз әлемнің барлық елімен өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тепе-теңдік жүйесін сақтауға тырысамыз», – деді ҚР Сыртқы істер министрі.
Mezgil.kz