Блинкеннің жазбасы. Қазақ қашан Қазақ елі болады?

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен С5+1 форматындағы Орталық Азия елдері министрлерінің кездесуіне қатысып, экономика, энергетика, экология және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

63fed82464cb6913232901.jpg

«АҚШ тарапы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды. Осыған байланысты біз Қазақстан қабылдайтын шаралар мен атқаратын жұмыстарды бақылаймыз. Әсіресе, адам құқығын қорғау, жемқорлықты жою мен президенттік мерзімге қатысты жүргізіліп жатқан реформаларын атап өткім келеді», - деді Энтони Блинкен Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.

аап.jpg

Ол Twitter желісінде «Қайырлы күн, Қазақ елі!», - деп жазба қалдырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға сапары сәтті өткенін жазып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сыртқы істер министрлігіне қонақжайлығы үшін алғыс айтты.


Сөйтеп, Астанада, Ақордада болып қайтқан АҚШ Мемлекеттік хатшысы кетерінде бізді: «Қазақ елі», - деп атады. Қазақ елі - The Republic of Qazaq! Әдемі естіледі. Әдемі жазылады. Неге солай демеске?!

«Қазақ» атауы дұрыс. «Стан» дегеннің өзі кей кездері үлкен шатасуларға алып келеді. «Қазақ» бір бөлек, «Қазақстан» бір бөлек. Орыс тілділер «Қазақстан» дейді, қазақ тілділер «қазақ» дейді. Ақыры бұл қоғамның екіге жарылуына себеп болады.


Қазақ мемлекеті болған соң, қазақтың байырғы жері болған соң «Қазақ Республикасы» болуы керек! Тіпті 1991 жылға дейін біздің атауымыз «Қазақ Республикасы» болды. «Стан» деген сөз «Мемлекет» деген мағына береді. Сондықтан бұл қайталама. «Қазақстан» деген сөзі тура аударатын болсақ «Қазақ жері Республикасы» болады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар