«Зеленский – соғыс қаһарманы»

Украинадағы қанқасап соғыстың жалғасып жатқанына бір жылдан аса уақыт өтті. Қазір екі тарап та (Украине мен Ресей) келіссөздер туралы сирек айтатын болды. Ал осы уақыт ішінде Украина президенті Владимир Зеленский туралы әлемдік саясаткерлер мен лидерлер не деді? Біз шетел саясаткерлерінің президент Зеленский туралы пікірлерінің бірсыпырасын топтастырдық.


5256718-zelensky-syla--op-.jpg


Шетел саясаткерлері Зеленский жайында:


Daniel Goldman( АҚШ прокуроры): НАТО әскери көмек бермесе де, Зеленский еуропалықтардың демократиялық құндылықтарын қорғап жатыр.


Eliot A Cohen (кіші Буштың кеңесшісі болған) : Реализм дейтіндер Кремльдің озбырлығына кектенбесе, Зеленскийдің лидерлігі мен украин халқының ерлігіне әсерленбесе, онда олар - шындығы жоқ, суайттар.


Mick Ryan (Австралия генералы): Зеленскийдің лидерлік қабілеті,  ядролық державаның қысымына ұстаған салмақты позициясы – оны болашақтың үлгісіне айналдырды.

Carl Dildf (Швейцарияның бұрынғы уәзірі) : Зеленскийге басында сәл күмәнмен қарап едім.  Бірақ халқын күреске жұмылдыра білуі ойымды өзгертті. Кремльдің де бұлай боларын күтпегеніне бәс тігемін .


Cron Johnson (АҚШ сенат төрағасы) : Зеленский үшін,  Украина халқы үшін дұға етемін. Бұл қылмысқа жауапты Путин мен оның жақындары.


Arif Rahmani (бұрынғы ауған депутаты) : Біздің президент - опасыз, соғыс қашқыны, Зеленский – отаншыл, соғыс қаһарманы.


Ресей президенті Владимир Путин: Мен ол адамды танымаймын. Бір күндері танысып қалармыз деп ойлаймын. Ол күні кешеге дейін істеген ісінен мықты сияқты – ол жақсы актер.


АҚШ президенті Джо Байден: Путин өзін күшітімін, ал демократиялық елдердің басшылары әлсіз деп ойлады. Ол болаттай мықты адамға қарсы соғыс ашты. Ол адам – президент Зеленский. Мен Зеленскиймен кездестім, біз ештеңеге қарамастан әрі қарай демократиялық принципімізде тұрамыз.


Белорусь президенті Александр Лукашенко: Мен Владимир Зеленскийдің жан-жағын бағамдап, соғыстың Америкада, Польшада, Белорусте, Ресейде өтіп жатпағанын түсінгенін қалаймын. Соғыс бас жерде емес, өзінің Украинасында өтіп жатыр. Ол осыны түсінбейтіндей ақымақ деп ойламаймын. Бүгінде оған дипломатиялық жолмен бейбітшілік орнатуға мүмкіндік бермейтін өз іштерінде күштер жеткілікті.

Оның істеп жүрген ісіне келер болсақ... Оған президент болатын уақыт жетті. Жуынып-қырынып, киініп, Украина халқының және әлемдік қауымдастықтың алдына шығып, жағдайларының күнде жақсарып келе жатқанын көрсетуі керек. Қазіргі образынан шығуы керек. Бұл ойын тым ұзаққа созылып кетті. Ол актер, артист, ол белгілі бір өзі құрған ортада өмір сүріп жатыр.



Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар