«Қазақтар жауынгер халық»

Украина президенті кеңсесінің бұрынғы кеңесшісі Алексей Арестович Baitassov LIVE бағдарламасында Қазақстанның қауіпсіздігі туралы пікір білдірді.


756739471464048.jpg


Ол Украинаның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бастамасына қосылғаны дұрыс деп санайды.


«Украина барлық мемлекеттер үшін жаңа қорғаныс жүйесін құруды ұсынады. Оған қосылғысы келген елдерді шақырады. Бұл жүйе, егер қауымдастыққа мүше мемлекеттерге басқыншылық жасала қалған жағдайда, 24 сағат ішінде әскери, экономикалық, ақпараттық, саяси көмек көрсетеді. Жүйеге қосылған мемлекеттер қауіпсізідігіне кепілдік алады және сәйкесінше өздері де кепілдік береді. Әзірге бұл ұсыныс күйінде тұр. Көптеген елдер қолдап отыр. Қазақстанның да осы жүйеге қосылғаны дұрыс деп ойлаймын»,-деді ол.


Журналист Арманжан Байтасов Қазақстанның Қарулы Күштеріне сенімсіздікпен қарайтынын жасырмады. Бірақ украиналық сарапшы 1941 жылғы Мәскеуді қорғау кезіндегі әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының ерлігін мысал етіп, қазақтардың батырлығын тілге тиек етті.


«Әкем айтатын, «мен көрген халықтар ішінде қазақтар ең мықты жауынгерлер» деп. Тарихи қалыптасқан ұлттық мінезі, жауынгерлік рухы қазақ әскерлерінде өте жоғары. Қазақстан бай әрі алып мемлекет. Ол қазір дене тұрқына сай келмейтін кішкентай қалқан мен пышақ ұстаған Голиат сияқты көрінеді, бірақ қазақтардың одан да үлкен мүмкіндігі бар емес пе?»,-деп аяқтады ол сөзін.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар