ISW: Ресей ядролық қару мәселесін әдейі шиеленістіріп, Батысқа қоқан-лоқы көрсетіп отыр.
Ресейдің Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы шартты қайта қарастыруы екіталай. Ол Украинаға батыстың әскери қолдауын бәсеңдету үшін ядролық қару қолдану мәселесін қайта-қайта өршітеді, деп жазады соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары
ISW Делидегі G20 министрлер жиналысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың қысқа әңгімесін баяндапты.
Блинкен Лавровқа Ресейдің Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы шартты тоқтату туралы шешімін өзгертуді сұрады. Ол Украинадағы соғысқа және АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасына қарамастан стратегиялық ядролық қаруды бақылау саласында Ресеймен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.
Блинкен Ресейді Украинадағы соғысты тоқтатуға, келіссөздер үстеліне отыруға және ұсталған американдық Пол Уиланды босатуға шақырды.
Мәскеудің ядролық қаруды қолдануы екіталай, бірақ ол ядролық қаруды үнемі айтып, өршітіп, Батысты қорқытуға үнемі тырыса бермек.
Mezgil.kz