Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

«М. Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 24.02.2023 жылғы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімімен сотталды, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты. 


321189fc063f6fdb4300dda3e2d0c8cb_original-pic_32ratio_900x600-900x600-71195-1440x810.jpg


Сот ісі  «құпия» деген санатпен жүргізілген. 


Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты тергеу 2022 жылдың 19 ақпанында «қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша» басталған болатын. Бұған дейін оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің Қарулы Күштері өзіне сенімсіздік пен бастамашыл басшылықтың жоқтығынан өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара алмады» деп сынға алған. 


Биылғы жылдың қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Бектановтың «заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қараусыз қалдырғанын» және «билікті асыра пайдаланғанын» хабарлады.



Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар