5 млн адам: Қош бол, Ресей, кірлеген!

Ресейдің халқы кейінгі үш жылда қарқынды азая бастаған, деп жазады Economist журналы. Бұл процес Covid-19 пандемиясы кезінде басталды, қазір Украинадағы соғыспен жалғасып жатыр.

KMO_174694_01248_1_t218_134342.jpg

Басылымның мәліметі бойынша, 500 мыңнан миллионға дейін Ресейлік шетелге кеткен. 2022 жылы елден 10 пайыз жұмыс күші кеткен.


Ресей Федерациясының халқы 1994 жылы 149 миллион адамға жеткен. Ал БҰҰ-ның дерегінше, 2021 жылы, Қырымды қоспағанда, 145 миллион болды.


Осы тенденцияны сақталатын болса, ресейліктердің саны 120 миллионға дейін қысқаруы мүмкін. Ендеше, 1995 жылы әлемде халық саны бойынша 6-шы орында тұрған Ресей 15 орынға бір-ақ түспек.

Ресей демографтар былтырғы сәуір айында тіркелген туу көрсеткіші XVIII ғасырдан бергі ең төмен көрсеткіш екенін айтты.


Ресей мемлекеттік статистика қызметінің дерегінше, 2020-2021 жылдары ел халқы 1,3 млн-ға азайған, ал өлім-жітім 1,7 млн-ға артып, этникалық орыстардың халықтың үлесі 78% - дан 72% - ға дейін төмендеген.


Mazgil.kz



Ұқсас тақырыптар