ЧВК «Вагнер» қазақ жастарын соғысқа үндеп жатыр ма?

Әлеуметтік желілерде «ЧВК «Редан» жасөспірімдер мен жастарды сеператизмге үндеп, Молдовада бүлік жасамақшы болған ұйым. Ресейдің басқыншы әрекетін қолдап, өздерін «вагнерліктердің» жастар қанаты сезінеді» деген мәлімдеме тарады.

1042748_full.jpeg

Өткен демалыс күндері Алматы полициясының сауда орталығында ЧВК «Редан» тобына қатысы бар бір топ жасөспірімді ұстағаны жайлы хабарланды. Бірақ Алматы полициясы мұны теріске шығарды.


«4 наурыз күні сағат 17:30-да полицияға Бостандық ауданындағы сауда орталығында жастарды жинап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жасөспірімдерге заң бұзбау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық болған жоқ», - делінген хабарламада.

rqyfp440mdixxdjtqyy5ohqioa94wn2l.jpg


ЧВК «Редан» не мағына береді?


ЧВК аббревиатураcы орысша «частная военная компания», яғни жеке әскери компания – Украинадағы соғысқа қатысатын «Вагнер» баскесерлерімен байланыстырылып айтылады.


Алайда «Редан» «Вагнермен» еш байланысының жоқ екенін айтқан. «Редан» атауы танымал жапондық комикс - Hunter X Hunter мангасынан алынған. Комикс журналдарындағы қылмыстық ұйым осылай аталады, сондай-ақ оның «өрмекші» деген екінші аты да бар.


Arbat.media-ның жазуынша, 19 ақпан күні жейдесіне өрмекші белгісін салған жасөспірімдер Мәскеудегі «Авиапарк» сауда орталығында төбелеске қатысқан. Ресейлік БАҚ «ерекше киінген жасөспірімдерге өзге спортшылар килігіп, арты төбелеске айналғанын» хабарлады.


 Оқиғадан бірнеше күн өткен соң, Мәскеудің тағы бірнеше сауда орталықтарында қаруланған жасөспірімдердің жаппай төбелесі болды. Нәтижесінде құқық қорғау органдары 226 адамды ұстаған, оның 188-і кәмелетке толмағандар.


Жасөспірімдерден 27 бұрыш баллоны, 10 пышақ және бірнеше жарылғыш зат тәркіленіп алынды.


Сондай-ақ, Мәскеуден бөлек, Қазан, Красноярскі, Санкт-Петербург, Новосибирскіде «Редан» тобының жаппай төбелестері өткен.


Кейбір сарапшылар мен журналистер бұл оқиғаларға шамадан тыс мән берілуде деп есептейді. Қазір Қостанай полициясының «Редан» мүшелерінің жиындары туралы ақпаратты тексеріп жатқаны айтылды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар