Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер кімдер?

Саясаттанушы Ербол Еділов телеграм арнасында 2023 жылғы Қазақстандағы ең ықпалды әйелдердің тізімін жария етті.

керк.jpg

Тізімде былтыр қарашада Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып сайланған 50 жастағы Наталья Годунова көш бастап тұр. Екінші орынға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева жайғасыпты. Ол 2020-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып қызмет істеді. Үшінші орында Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова тұр. Ол бұған дейін Әділет министрінің орынбасары қызметін де атқарған.

60055e81-8c40-4b10-a32c-762f5ae4f157.jpeg

Әзімовадан кейінгі қатарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұр. Алғашқы ондықты Президент телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Абылқасымова, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Қазақстан Халық банкі АҚ Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ляззат Тынысбай, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жалғастырыпты.


Келесі ондықтың басын Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ҚҚ директоры, олигарх Тимур Құлыбаевтың жұбайы Динара Құлыбаева бастап тұр. Кейінгі орынға бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин орналысыпты. Бұл ықпалдылар ондығын «Сәби» қайырымдылық қорының президенті, ҰҰШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың үлкен қызы Әсел Тасмағамбетова бастап,  адвокат Айман Омарова, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Айгүл Құспан, «Orda.kz» онлайн басылымының Бас редакторы Гүлнар Бажкенова, кәсіпкер Динара Сәтжан, «Lancaster Group» тең иесі, YPO Kazakhstan төрағасы Гауһар Каппарова, «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаева, қоғам қайраткері, «HAQ» қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалы аяқтайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар