Мирзиеев Путиннің жолына түсті...

Өткен жылы «Өзбекстан Конституциясы өзгереді» деген сәтте үлкен шу шықты. Себебі «Қарақалпақстанның статусына қатысты өзгеріс енгізіледі» деген мәселе айтылды. Арты айғай-шу, қақтығысқа ұласты. Көпшілік Өзбекстан конституциясына қатысты тек сол өзгеріс аясында талқы жасап, президенттік мерзімді жаңарту бойынша мәселені көп айтпады. Көлеңкеде қалды.

335266003_6012781518818236_6097302616145477730_n.jpg

Енді міне, бүгін Өзбекстан Сенатының вице-спикері Садық Сафоев: «Конституцияға өзгеріс енгізу Өзбекстан президентінің қазіргі мерзімін есептемей (обнуление), қайта сайлауға түсуге мүмкіндік береді», - деді.


Өзбекстан президенті соңғы жылдары бірқатар саяси және экономикалық реформа жасаған еді, бірақ өзінің тағына келгенде «Путиндік жолды» таңдаған сияқты. Путин де 2020 жылғы Конституциялық реформадан кейін өзінің мерзімін жойып, қайта сайлауға түсу құқығын бекітіп алған еді.


Орталық Азиядағы бес елді алып қарасақ, билік ауысудың ең қиын формасы Түркіменстанда сияқты. Әкеден балаға тақ қалды.


Екіншісі ол Тәжікстан. Тәжікстанда әлі басшы ауыспады, сол Рахмон 1994 жылдан бері отыр. Кей сарапшылар Рахмон өз ұлын таққа дайындауда дейді, қазір оның ұлы Душанбенің мэрі.


Өткен жылы Қазақстанда президенттік мерзім бір мәртеден артық отыруға мүмкіндік бермейтіндей етіп, мерзім ұзақтығы 7 жыл болып бекітілді. Конституцияға «бір мерзімнен артық отыруға болмайды» деп бекітіп тастағаны да құптарлық іс болды-ау.


Орталық Азия бойынша ең көп президент ауысқан Қырғызстан елі (төңкеріс және ішкі толқу) болса, енді міне Өзбекстан Конституцияға өзгеріс енгізіп, Мирзиеевке мүмкіндік ашпақ. Кезінде Каримов та солай еткен еді.

Мирзиеевтің мерзімі 2026 жылы бітуі тиіс. Енді оның президенттік мерзімі өзгерген Конституция бойынша жаңарса (обнуление), онда ол тағы екі мерзім отыру мүмкіндігіне ие болады. Яғни 2036 жылға дейін отыруы ықтимал...


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар