Иманғали Назарбаев жүйесінің солдаты!

Халықтың бір бөлігінің Иманғали Тасмағамбетовты әділетті қоғам құрудың басшысы ретінде санайтынына таңғалам. Бұл туралы саясаткер Дос Көшім айтты.

ваив.jpg

«Оның ұлттық мәдениетке, ұлттық тарихқа көзқарасы өте жақсы. Сол бағытта жұмыс істеп жүрген азаматтарға көмегін береді. Алматыда да қолынан келген көмегегін аямады. Ол жағынан әр уақытта рахметімді айтамын. Бірақ Тасмағамбетов – біз өзгерткіміз келетін жүйенің солдатының бірі. Егер біз әділетті қоғам құрамыз десек, бұрынғы Назарбаевтың қасында жүріп, соның дастарханынан тамақ ішкендерден үміт күтпей-ақ қояйықшы. Осыны халық білуі керек», - деді саясаткер.


Оның айтуынша, қазір жүйеге қарсы шығушылар, Назарбаев дәуірін сынаушылардың әрекеті көбіне «кек алуға» ұқсас келеді.


«Бұлардың көбісі сол жерден, өзінің қызметінен кеткеннен кейін келеді. Айтпағым жақсы сөз емес, бірақ «ренжулі» сияқты. Кек алғысы келетін сияқты. Сондықтан ол адамдарға айту керек: «Рахмет, жұмыс істедіңдер, билікте жүрдіңдер. Назарбаевтың қасында жүріп, осы жүйені құрдыңдар. Енді сынап жатсаңдар, оған да рахмет. Бірақ сендер билік басына келмей-ақ қойыңдаршы», - деді спикер.


Дос Көшімнің ойынша, Иманғали Тасмағамбетовтың ҰҚШҰ-ға Бас хатшы болып баруы, оның саяси салмағын арттырған жоқ, керісінше, азайтты.


«ҰҚШҰ-ны қаңтар оқиғасынан кейін, ТМД-ның жандармы деп айтуға болады. Неге? ҰҚШҰ-ның құрылуының жалғыз мақсаты болды: Сыртқы жаудан бірге қорғану. Бірақ президент ұйымды халықтың ішкі революциясына қарсы қолданды. Тоқаевтың ең үлкен геосаяси қателігі осы. Бұл прецедент болып үлгі көрсетті. Енді Арменияда халық көтірлесе де, Ресейдің ішінде халық билікке қарсы шықса да ҰҚШҰ-ны апарып салады. ҰҚШҰ-ны өз билігіне қарсы шыққан халыққа қолданатын болды.


Ал соның бастығы қазақ болып отыр. Менің неге жаным күймейді? Бармауы керек еді. ҰҚШҰ өте қатерлі «мина алаңы». Ол жерде бәрін Путин басқарады. Бұл соның қолбаласына айналса, күшінен тағы да айырылады», - деді саясаткер.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар