Ол нағыз Украина батыры!

Орыс әскерінің алдында тайсалмай «Украинаға жеңіс!» деп барып, оққа ұшқан жауынгер кім? 


a6f9d0c605f8b45c54781013c24eea88.jpg


Украинаның Қауіпсіздік қызметі ресейлік әскерлер атып өлтірген сарбаздың кім екенін анықтады.


Марқұм жауынгер Чернигов облысы 119 аймақтық қорғаныс бригадасы 163-батальонының мергені Александр Мациевский екен.


Оны былтыр 30 желтоқсанда атып өлтірген. Оның сүйегін биылғы ақпан айында ғана Украинаға қайтарып берген.


Украина президенті Владимир Зеленский 12 наурызда Мациевскийге «Батыр» атағын берді.


Тоғайда әскер киімімен тұрған адам «Украина жасасын!» дегеннен кейін, оны жанжақтан бірнеше рет атады. Бұл видео 6 наурызда әлеуметтік желіде тарады. Украина бұл көріністі әскери қылмыс деп атап, оны халықаралық деңгейде тексеруге шақырған.


Ал Ресей жағы үнсіз.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар