Украинаға киіз үйлер тіккен Қазақстан азаматы кім?

Киевтегі «мызғымастық үйлерін» – қазақ үйлерді құрып жүрген қазақстандық кәсіпкер Алтынбек Мұстапаев Forbes журналына бұл идеяның қайдан, қалай пайда болғаны туралы айтып беріпті.

rthr.jpg

«Жоғарғы Рада депутаты Сергей Нагорняк парламентаралық топты басқарады. Бұл соның идеясы. Күзде, электр желілерін, қалалардың энергетикалық инфрақұрылымдарын бомбалаған кезде, Украинада 4 мыңнан астам «мызғымастық пункттері» ашылды: ішінде жылу да, электр энергиясы да, интернет де бар.


Сергей ұсынысын Украинадағы Kusto Group жобаларына жетекшілік ететін Дәулет Нұржановқа білдірген. Дәулет жобаға демеушілік жасады, алты киіз үй әкелінді.

c989b1615da4560b5f9868a95f233537-small.jpg

Сонымен қатар, біздің кәсіпкерлер Қазақстаннан тағы үш киіз үй сатып алды, олар да орнатылады», - дейді кәсіпкер.


Оның айтуынша, киіз үйлерді құруға жергілікті қазақ диаспорасы жәрдемдеседі.

122cecf4b4434f60eb0e950f7c8c24ca-small.jpg

«Марат Дәрменов деген жігіт киіз үйлерді қалай жинау керектігін біледі, оны тез құрастыра алады. Жергілікті қазақтар киіз үйлерді орнатып, палау, бауырсағын пісіріп алып келеді. Кезекшілік ұйымдастырылды, таңертеңнен кешке дейін біздің адамдарымен күзетеді.


Менің ойымша, мұнда келген адамдар гаджеттерін тоққа қосып алуға ғана емес, біздің мәдениетімізбен танысуға де келеді. Киіз үй ішінде қазақ бұйымдары орналасқан бұрыш бар. Онда кезекшілік ететін азаматтар қазақ тарихын біледі, көшпелі өмір салты туралы айта алады. Киіз үй шағын мұражайды да рөлін атқарып тұр», - деді ол.

7c5c9e55fe0e608e9d6a75f8c7a8d0f6-small.jpeg

Алтынбек Мұстапаевтың сөзінше «мызғымастық пункттерінен» адам аяғы үзілмейді. Осы уақытқа дейін киіз үйлердің сапасы, не қызметі туралы жағымсыз пікірлердің болғанын естімегенін айтады.


«Украина халқының ауызбіршілігі неде?» деген сұраққа «Мұнда да өз мәселелері жетерлік, бірақ олар өз президенттерін қалап, сайлап алды және оны қолдайды. Екіншіден, бұл елде демократияның базалық принциптері іске асады. Халық пен билік бір-біріне сенеді», - деп жауап берді спикер.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар