Санкция: Қазақстан Байқоңырда Ресей мүлкін тәркіледі

Қазақстан Байқоңырдан 13,5 миллиард теңге – 2 миллиард рубль қарыз өндіріп алуға ниетті. Сол үшін де Қазақстан үкіметі Роскосмостың еншілес құрылымы болып табылатын компанияның мүлкін тәркіледі.

org_swjv838-800x480-1-800x480.jpg

Қазақстандық БАҚ мәліметтері бойынша, «ЦЭНКИ» (жердегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы) басшысына елден кетуге тыйым салынған. Ресейлік БАҚ болған оқиға туралы әлі бірде-бір хабар таратпаған.


Жағдайға қарағанда, «Бәйтерек» бірлескен ресейлік-қазақстандық жобасы жанында халықаралық жанжал туындаған секілді.


Себебі, «Жердегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы» АҚ-ға қатысты Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын «Бәйтерек» пайдасына 13 684 550 338,7 теңге мөлшеріндегі қарызды беру жөнінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау туралы хабарлама келіп түскен.


Бұл шешімді «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты шығарды. Құжат 2022 жылдың қараша айының соңында жарық көрген. «ЦЭНКИ» іс қозғау туралы хабарламаны 2023 жылғы қаңтардың аяғында алған.


«Бірақ мұның салдары қазір ғана білініп жатқан секілді. Қазақстандық БАҚ-та «шенеуніктердің іс-әрекеті екіжақты ғарыштық зерттеу бағдарламасына соққы болуы мүмкін». Тамаша географиялық орны бар Байқоңырды алмастыру әлі де мүмкін емес. Олай болса шенеуніктер осындай қиын кезеңде өз қара бастарын ойламай қоя тұру керек шығар», - деп жазды MK.KZ.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар