Ресейдің соғыс деп мойындамайтын «арнайы операцяисының» бір жылдығы аталып өтті. «Арнайы операция», соғыс, әскери агрессия, қарулы қақтығыс – қалай атасақ та бәрі күні аяқталады. Ресей жеңіске жетпей тынбайын деп отыр. Әлемді ядролық қарумен қорқытуды да шет қалдырған жоқ.
Ядролық қару ешқашан жеңіс әкелмейді, бірақ Медведев, Дугин сияқтылардың философиясы әбден қанына сіңген елдің басшылығы бұған мойынсұнбайды.
Батыс Украина жеңіске жету керек деп есептейді. Ресейдің империялық тәбетіне осылай ғана тосқауыл қоюға болады дейді.
Украина жеңсе не болмақ? Ресей мен ТМД елдерінің жағдайы қалай өзгереді? Жеңіліс Ресейдің есін жиғыза ма? Оған іргелес мемлекеттерде көптен күткен бейбіт күн орнай ма?
ТМД елдерінің Ресейге сенім білдірмеуі нәтижесін көрсетіп жатыр. Армения Ресей ықпалынан шағыр барады. Ереван мен Баку арасындағы бейбіт қарым-қатынастарды реттеу мәселесін шешу ендігі Кремльдің ісі емес, ал Грузиядағы наразылықтар халықтың едәуір бөлігінің ресейшіл билікке сенім артпайтынын көрсетті. Батыс ТМД-ны өзіне қарай тартып, Кремльдің шамына тиіп отыр.
Қытай да тұрғын үй, коммерциялық және туристік нысандарды салуға ТМД елдеріне инвестиция құйып, өзінің жұмсақ күшін пайдалануда.
Ресей билігінің өрескел қателігінен бүкіл ТМД аймағы геосаяси апаттың алдында тұр. Грузин, әзірбайжан, армян халқының таңдау жасауына тура келіп отыр.
Орыс әлемінің бейнесі өзгермейінше, шынайы орыс құндылықтары үгіт-насихат пен айлакерліктен арылмайынша өзгеріс күтуге болмайды. Әлемді жаңа геосаяси катаклизмдер күтіп тұр.
Mezgil.kz