Әшкере болған құжат: Кремльдің Молдованы жаулау жоспары

Михаил Ходорковскийдің «Досье» (құжаттар) орталығы «Молдованы саяси және экономикалық жаулау стратегиялық жоспары» деп аталатын Ресей Президенті Әкімшілігінің 2021 жылдың күзінде жасаған құжатын жариялады.


Кишинев-митинг.jpg


«Ресей Федерациясының Молдова Республикасына байланысты стратегиялық мақсаттары» атты құжатты журналистік консорциум мүшелері бірдей уақытта алды, оның құрамына Süddeutsche Zeitung (Германия), RISE (Молдова), Delfi (Эстония), Kyiv Independent (Украина) бар»,- делінген басылымда.


Журналистер алған құжатқа сәйкес Ресейдің Молдоваға қатысты негізгі мақсаттарының бірі –Кишиневті ҰҚШҰ-ға кіруге мәжбүрлеу және ЕАЭО-ны кеңейту.


Сондай-ақ, Ресей Молдованы НАТО мен ЕО-ның ықпалынан шығарып, білім беру бағдарламалары арқылы елдегі ресейшіл көзқарасты күшейтуді жоспарлаған екен. Құжаттың міндеті: Молдованың ресейшіл саясаткерлерін қолдау.


«Досье» орталығы «бұл құжатты соғыс басталғанша Кремльде Украина мәселелерімен айналысқан Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козактың қарамағындағылар жасаған» деп мәлімдеді.


Кейінгі кездері Молдовада ресейшіл «Шор» оппозициялық партиясы наразылық акцияларын белсенді өткізіп келеді.


Акцияға қатысушылар Президент Майя Сандуды «отставкаға кетсін» деп ұрандаған болатын. Ақпан айының ортасында Санду Ресейді «мемлекеттің ішкі істеріне араласуға тырысты» деп айыптады.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар