Ресейдің 35 аймағында ер азаматтарға әскери комиссариаттардан шақыру қағаздары қайтадан жіберіле бастады. Бірақ Кремль билігі: «мобилизация жүріп жатқан жоқ», - деп отыр.
«Агора» халықаралық құқық қорғау тобының басшысы Павел Чиковтың айтуынша, Ресейдің 35 өңіріндегі әскери комиссариаттар жергілікті тұрғындарға шақыру қағаздарын жібере бастады. Тізімде Мәскеу, Санкт-Петербург, Ленинград, Белгород, Мәскеу және Мурманск облыстары, Алтай, Пермь, Красноярск және Краснодар облыстары бар.
Шақыртуда азаматтарды Украина соғысына жіберіледі деп жазылмаған, бірақ алғашқы мобилизацияға шақырған кездегідей «әскери есепке алу құжаттарын нақтылау үшін келу керек» екендігі жазылған.
Құқық қорғаушы Павел Чиковтың айтуынша, мобилизацияны ел Президенті қол қойған арнайы жарлықтан кейін ғана ұйымдастыруға болады. Сондықтан мобилизацияның екінші толқыны туралы айтуыға әлі ертерек.
Mezgil.kz