Келесі Премьер-министр кім болады?

Күні кеше Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің доғарысқа кететінін мәлім етті.


IMG_1982.jpg

«Парламент Мәжілісі қайта сайланғаннан кейін Үкімет отставкаға кетеді. Жаңа Үкімет қайта жасақталғанша біз өз қызметімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-министрдің кім болатынын Президент шешеді. Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Еліміз үшін әрқашан еңбек етуге әзірміз»,- деді Премьер-министр сайлау учаскесінде.


Ендеше келесі Үкімет басшысы кім болуы мүмкін? Осы сұрақтың төңірегінде жауап іздеген «Чиновник» телеграм арнасы көпшілікке сауалнама жолдапты.

Ұсынылған тізімде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралав бар.


Үкімет басшысының креслосына лайық болар деген министрлер ішінде 29 пайызбен топ жарып тұрғаны Тамара Дүйсенова екен. Кейінгі орында 25 пайызбен Саясат Нұрбек тұр. 19 пайыз дауысты Ажар Ғиният жинаса, 12 пайызды Асхат Оралов алыпты. Ең соңғы орынға Дархан Қыдырәлі 10 пайызбен орналасыпты.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар