Ши төраға Путинді жықты. Енді Зеленский не дейді?

Кеше Қытай төрағасы Ши Жипиң Мәскеуге сапарлап барды. Ресей басшысы екеуі есікті ашып қойып та, жауып қойып та сөйлесіп, келіссөздер өткізіп жатыр. 

6bb50c7a-b1b8-443e-a9a1-8c11e8c0be37.jpeg

Осыған дейін Қытай Украина мен Ресейге бейбіт келісім жобасын ұсынған еді. Қытай екіараға арағайындық жасауға ниет танытты.


Бүгін Ресей президенті Путин: «Қытай ұсынған бейбіт келісім жобасын басшылыққа алып, Украина дағдарысын шешуге дайынбыз», - деді.


Осының өзі аймақтағы Ресей ықпалының қаншалықты әлсірегенін көрсетсе керек.


Батыстық сарапшылар: «ОА-да Ресейдің бұрынғы әлеуеті әлсіреді. Орнын Қытай басып жатыр», - дейді.


Мәскеуде жүрген Ши төрағаның әр басқан ізін аңдып отырған жұрт көп. Қытай төрағасы осыған дейін президент Зеленскиймен де жолықпақ ниетте екенін айтқан. Ал бүгін Путинге: «Жыл соңына дейін Бейжіңге келіңіз», - деді.


Өз кезегінде Владимир Путин: «Біз Азия, Африка және Латын Америка елдерімен сауданы юаньмен жасауды қолдаймыз», - деді. Осыны айтқанынан-ақ, Ресей президентінің тығырыққа тірелгенін һәм Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың әсер ете бастағанын бағамдай беріңіз. «Санкция дегеніңіз түк те әсер етпейді», - деп бетбақтырмаған Кремльдің жағдайы белгілі болды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар