Қырғызстан: Инвестициялық визаның құны қанша?

Шетелдіктер Қырғызстанның инвестициялық визасын алғысы келсе, белгілі бір сомада ел экономикасына үлес қосуы керек. Бұл туралы заңға бүгін қырғыз президенті Садыр Жапаров қол қойды.


1054655747_0_79_2835_1674_1920x0_80_0_0_43267bed0163803b52b63e4f834ca4f2.jpg


Заң инвестициялау мақсатында елге келген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға Қырғызстан Республикасының экономикасына қосқан үлесін растайтын құжат беруді көздейді. Құжатты уәкілетті мемлекеттік орган беретін болады.


Инвестициялық визалардың мерзімі инвестордың Қырғызстанға салған қаражатының көліміне байланысты болмақ.


Мәселен, егер инвестор ел экономикасына кемінде он миллион сом салса, оған 5 жылға виза беріледі. Ал кем дегенде жиырма миллион сом салған инвесторлар 10 жылдың инвестициялық визасын алады.


Инвестор ел экономикасына шетел валютасымен үлес қосуға құқылы, - делінген заң мәтінінде.


Былтыр Қазақстанда да ел экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге тұруға рұқсат беретін заң жобасы әзірленіп жатқаны айтылған болатын.


«Қазір Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр» - деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.


Оның айтуынша, виза беретін кезде, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар және қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті эффект беретін инвестициялар (салық түсімдері түріндегі бюджетке қосымша қаржылық түсімдер, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқалары) ескерілмек.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар