«Украинаны қалпына келтіруге $411 млрд керек»

Ресей басқыншылығынан зардап шеккен Украинаның экономикасын қалпына келтіруге 411 миллиард доллар қажет. Бұл туралы Reuters жазады.


61116882_605.jpg


Дүниежүзілік Банктің мәліметінше, бұл сома былтырғы қыркүйектегі есептен 62 миллиард долларға артық. Ол кезде Украинаның тұрмысын түзеу үшін 349 миллиард доллар қажет екені айтылған. 


Украинаға 2023 жылдың өзінде қайта құру мен қалпына келтіруге 14 миллиард доллар қажет болады. Бұл Украинаның 2023 жылғы бюджетіне әлі  11 миллиард доллар жетпейді деген сөз.


Қаражаттың шамамен 22% - ы көлікке, 17%-ы тұрғын үй құрылысына, энергетикаға 11% және ауыл шаруашылығына 7% жұмсалады.


Дүниежүзілік банктің дерегінше, ең қатты зиян келген – елдің энергетика саласы. 2022 жылғы маусым айындағы есепке қарағанда залал мөлшері 5 есе өскен.


Сондай-ақ, ең үлкен соққыны Донецк, Харьков, Луганск және Херсон сияқты өңірлер көрді. Бұл аймақтарды Ресей қазан айынан бастап зымыранмен атқылай бастады.


Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Анна Берде «Украинаны үнемі қолдау – бір елге ғана емес, бүкіл әлемге инвестиция салумен бірдей» деп Украинаның қалпына келтіру және қайта құру жөніндегі шұғыл міндеттерді шешудегі батылдығын жоғары бағалады.

 


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар