Путиннің ядролық бопсасы шындыққа айналуда

Ресей мен Батыс арасындағы текетірес ушыға түсті. Сарапшылар қазіргі таңда державалар арасындағы соғыс қаупі «Кариб дағдарысынан» да асып түсті деген болжамды айтуда.

arbatmedia-pocemu-putin-ne-gotov-ustroit-yadernyi-apokalipsis-rasskazal-eks-sovetnik-zelenskogo-5491-800x448.jpg

НАТО елдері Украина соғысына тікелей сарбаз жіберу арқылы қатыспаса да, Киевке агрессорға қарсы соққы жасау мүмкіндіктерін беруде. Ал Ресей өзіне қару-жарақ беру арқылы көмек көрсете алатын мемлекеттермен байланысын арттыру үстінде. Әлемдік әскери көрсеткіш бойынша көш бастап тұрған елдің бірі саналатын Ресей Федерация санкция салдарынан оқ-дәрі шығару мүмкіндігі азайды, ал заманауи қару шығару көрсеткіші тіпті түсіп кетті. Бұл Батыс тарапынан Ресейге соңғы технологияларды кіргізуге тыйым салумен байланысты. Бүгінде Ресейге тікелей қару беру бойынша Иран көмектесуде. Беларусь елі де өзінің әскери қоймасындағы бронды техникаларын беріп, әскери форма тігуге қол ұшын созса, Солтүстік Корея Ресейге жүздеген мың снаряд жеткізген. Алайда бұл көмектерге қарамастан Ресей Украина соғысында айтарлықтай нәтиже көрсете алмауда.


Батыс елдері Украинаға қару беруді арттыруда. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі тарапынан Украинаға уран қоспасы бар снарядтар жеткізетіні жайлы жаңалық Ресей медиасын дүр сілкіндірді. Мәскеу «бұл ядролық текетіреске тікелей қадам» деп бағалауда. Осыған дейін бірнеше мәрте ядролық қару қолдану мүмкіндігі барын айтып, сес көрсеткен Кремль, ендігі таңда ядролық қаруын өзге аймақта орналастыру мүмкіндігін қарастыратынын айтуда.


2021 жылдың желтоқсанында Ресей НАТО елдеріне және жекелей АҚШ-қа талап қойып, шарт ұсынған болатын. Онда Мәскеу «НАТО елдерінің шекарасы 1997 жылға дейін шегінуі тиіс, ал АҚШ өзге елдегі ядролық оқтұмсықтарын алып кетуі қажет» деді. Әрине, ол талабын Батыс орындамады. Орындамайтыны түсінікті де еді. Бұл қадам Ресейдің Украинаға соғыс ашу үшін «легитимділік» көрінісін жасауы болатын.


Енді міне, Ресей басшылығы «Ұлыбританияның Украинаға уран қоспасы бар снаряд беруі, бізді Беларусь жеріне тактикалық ядролық қару орнатуға итермелеуде» деп мәлімдеді. Путиннің бұл сөзі Батыстың қарсы реакциясын тудырды. ЕО елдері Ресейге қарсы жойқын санкциялар салу мәселесін көтеруде, ал НАТО блогы Украинаға көбірек қару беруге шақыруда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар