Байқоңырға Қытай көз тігуде...

Кеше президенттің қабылдауында Қытайдың Шыңжаң аймағының басшысы Ма Шиңжүй болды. Ол Қазақстанға арнайы келді. 


a62b35a7-5f07-4938-afce-4462dab791a9.jpg


Ол: «Менің сапарымның негізгі мақсаты – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Сіздің араңыздағы маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асыру. Қазақстан – біз үшін өзара ынтымақтастықтың басым бағыты», - деген еді.


Ма Шиңжүй Қытай КП ОК Саяси бюросының мүшесі. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының бастығы (ҚКП партия комитетінің хатшысы). 


Ма Шиңжүйдің негізгі мамандығы – аэроғарыш өнеркәсібі саласының инжинері. Шыңжаңға 2021 жылы келген. Оған дейін ұзақ жыл Қытайдың ғарыш саласын басқарған. Қытай аэроғарыш ғылыми-техникалық корпорациясын, Қытай Ұлттық ғарышты басқару агенттігін басқарған. Қытайдың алғашқы айды зерттеу жобасына (Чане-3) жетекшілік еткен. Қытайдың ғарыш саласында түрлі лауазымдарды 1996 жылдан бері атқарған адам. 


Осыған дейін БАҚ-та: «Ресей 2028 жылы Байқоңырдан біржола кетеді», - деген ақпарат тарады. 


Шындығында, Қазақстанның дархан көңіл Үкіметі Байқоңырды 2025 жылға дейін Ресейге жалға берген еді. Ал соңғы жылдары Байқоңырдағы Ресейдің ықпалы азая бастағаны байқалады. Зымыран ұшыру кешендері аз қолданыла бастаған. Оның үстіне биыл Байқоңырда Қазақстан мен Ресей арасы ушыға түсті. Қазақстан Ресей мүлкін бұғаттап, 2 млрд рубль талап етті, ал Ресей болса 220 млн доллардың кері талабын алға тартты. 


Ресейдің импершіл билігінің Украинаға қарсы агрессиясы әлемдік саясатта көп өзгеріс жасады. Соның ықпалы Байқоңырда да айналып өткен жоқ. АҚШ пен Батыс бастаған өркениетті елдер «Роскосмостан» теріс айналды.


Ал Ресей 2028 жылдан кейін өзінің станциясынан ұшуды көздейді. Бірақ онысы әлі дайын емес. Ресей өз жеріне көшкеннің өзінде, «Восточныйға» көшеді. Ол үшін ғарыш айлағын «Союз» ұшыруға бейімдеу керек. Жоспар жүзеге асса, 2028 жылы Ресей Байқоңырдан түпкілікті кетеді. 


Кешегі Ма Шиңжүйдің Қазақстанға келуі бекер емес. 5 жыл дегеніңіз әне-міне. Байқоңырдан әркімнің бар таласы...



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар