Ереван: Путин елімізге келсе тұтқындаймыз!

Арменияның билеуші партиясы Путин Ереванға келсе оны Гаага ордері бойынша тұтқындауға мәжбүр болатынын ескертті.


b1783b09-bdc6-4457-b34d-5ae33669d8cc.jpg


Армения Ресей президенті Путинді тұтқындай алатын елдер қатарына енбек. Ереван таяуда Рим статутын ратификациялау процесін бастады. Бұл туралы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян айтқан.


Олар Гаага соты Путинге қатысты шешім қабылдағанға дейін екі-үш ай бұрын Рим Жарғысын ратификациялау процесін бастағанын мәлімдеді. Ереван Әзірбайжанды әскери қылмыс жасады деп кінәлайды. Сол үшін жаулас елін халықаралық сотқа тартуды көздеп отыр.


«Ал Путин елге келген жағдайда оны ұстап бересіздер ме?» деген сұраққа Ален Симонян «ол жағдайды тіпті елестете алмайтынын» жеткізген.


«Әзірге Рим жарғысын ратификациялайық, содан кейін не істеу керегін шешеміз. Маған басқа елдердің қалай әрекет ететіні қызық. Мен Ресей президентін ұстап беруді тіпті елестете алмаймын»,-деді ол.

Оның ойынша, Рим жарғысына қосылу-қосылмауды елдің Конституциялық соты айқындау керек.


Арменияның бұл шешіміне Мәскеу өкпеледі әрі ызаланып отыр. Ереван «ісіне жауап береді» дегенді айтып өтті.


«Мәскеу Ресей басшысына қатысты заңсыз бұйрық Халықаралық қылмыстық соттың Рим жарғысына қосылып отырған Ереванның қылығын миға қонымсыз деп санайды»,-деп жазуда Ресейлік БАҚ Ресейдің ІІМ-не сілтеме жасап.


Естеріңізде болса, бұған дейін Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Кремль билеушісін соттауға ордер шығарған еді. Сонымен қатар Ресейдің балалар омбудсменді Мария Львова-Мария да сотқа шақырту алды.

Енді Ресей Президентін Рим статутына қосылып, оны заңдастырған елдер, шекарасынан аттаған сәтте ұстап беруіне құқығы бар.


Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин трибунаға келіп тұрмайынша оны қамауға алу туралы бұйрық күшін жоймайтынын айтты.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар