Британ барлауы: Ресей 400 мың "еріктіні" соғысқа жіберм

Британ Қорғаныс министрлігінің барлау қызметі Ресей тағы да «ішінара мобилизацияны» жоспарлап отыр, деп хабарлады.


1638354011_Армія РФ.jpg


Сарапшылар ресейлік БАҚ-тың хабарларына назар аударып, Кремль билігінің 400 мың сарбаз жинап, соғысқа аттандырмақ екенін байқаған.


Ресей «ішінара мобилизациясын» өз еркімен майдан даласына аттанатын кәсіби мамандарды жинау ретінде көрсетпек. Біррақ та, іс жүзінде аймақ басшылары берілген тапсырманы бұлжытпай орындай үшін, азаматтарды әскерге күштеп жинайтыны анық.


Ресей билігі әскери қызметшілердің жетіспеушілігін азайту және ел ішіндегі наразылықтардың өршуін басу үшін «еріктілер схемасын» ойлап тапқан болуы керек.


Сонымен бірге Ресейдің Украинадағы күшін артыру үшін тек әскерилер емес, оқ-дәрі мен әскери техникалар қажет,-делінген жазбада.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар