Биыл Қазақстан инвесторларының өзге елдерді көбірек қаржыландыра бастағаны байқалады.
Ұлттық банктің дерегінше, 2022 жылы Қазақстаннан шетелге 4,2 млрд доллар инвестиция құйылған. Бұл сома 2021 жылы 2,5 млрд доллар болатын. Осылайша өзге елдерге салынған қаржы көлемі 1,7 есеге немесе 1,7 млрд долларға артты.
Былтыр Қазақстаннан ең көп қаражат аударылған ел Нидерланды екен: 2,9 млрд доллар. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 103 млн доллар болған, яғни 28,3 есе аз. Кейінгі орында Ресей тұр. Ол жаққа Қазақстаннан 352,2 млн доллар инвестиция салынған, үшінші орында Кайман аралдары – 270,7 млн доллар аударылған.
Қырғызстанға – 197,2 млн доллар, Ұлыбританияға – 80,9 млн доллар, ал Қытайға – 46,2 млн доллар құйылған.
Ал Қазақстанға 2022 жылы шетелден 28 млрд доллардан астам инвестиция салынды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17,6% - ға көп.
Ең көп ақша Нидерландыдан – 8,3 млрд доллар келген. АҚШ-тан – 5,1 млрд доллар, Швейцариядан – 2,7 млрд доллар аударылған.
Mezgil.kz