Сарапшылар: Ресей 3-7 жылда ыдырайды!

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Батыстың Ресейдің бөлшектенуінен қорқатынын, бірақ бұл үдеріс қазірдің өзінде жүріп жатқанын айтты.

imgpreview.jpg

«Батыс Ресей Федерациясының ыдырауына дайындықты бастауы керек, бұл Кеңес Одағы ыдырағанға дейін жасалмаған», - деді.

Ол «The Times» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, қазіргі Ресейдің әлсіреп, ыдырап кету қаупі бар. Оның айтуынша, мұны Ресейлік диктатор Путиннің Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесуі растады.

«Батыс Ресейді білмейді. Ресейдің бөлшектенуінен қорқады. Бірақ бұл процесс қазірдің өзінде жүріп жатыр», - деді Данилов. Ол Ресей Федерациясының ыдырауы «тамаша» болатынын және алдағы үш, бес немесе жеті жыл ішінде сөзсіз жүзеге асатынын айтты.  

«Бұл тарихи процесс. Тарихты тоқтату мүмкін емес», - деп түйіндеді Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы.

Көптеген саясаткерлер мен сарапшылар Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысы аяқталғаннан кейін, Ресей қазіргі қалпында болмайды деп болжайды. Сарапшылар Ресей Федерациясының әртүрлі субъектілерге бөлінетінін айтады. Ресейлік оппозиционер, Мемлекеттік Думаның бұрынғы депутаты Игорь Яковенко Украинадағы жеңіліске ұшыраған Ресей Федерациясының ыдырауы үшін қазірдің өзінде кейбір алғышарттар бар екенін айтады.

Ол Мәскеу мен Мәскеу облысында «Мәсковия» пайда болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар