ISW: Ресей дінді қару етпекші

Америкалық соғысты зерттеу институты (ISW): «Ресей Украинаға шапқыншылық соғыс бастағалы бері оккупациялаған аумақтарында діни қуғын-сүргін жүргізіп жатыр», - дейді.

1532115508_0_122_2146_1329_600x0_80_0_0_9e44b322def1ddb28168bf88ca11aeac.jpg

Ресей билігі Украинаның халықаралық аренадағы беделін түсіру үшін дінді қару ретінде қолданып келеді. Өзінің әскери мақсатына жету үшін ақпараттық соғысты жүргізіп отыр. Бірақ Ресейдің өзі басып алған Украина жерлерінде діни бостандықты өрескел бұзып жатыр.


«Ресей алдағы православиелік Пасхада Украинаның шабуылын болдырмау үшін «діннің құрметіне соғысты тоқтата тұрайық» деуі мүмкін. Бірақ Ресей өзі басып алған территорияларда дінге құрмет көрсетпейді», - деп жазады ISW.


Діни қудалау Ресейдің тәуелсіз украин ұлты мен Украинаның православие шіркеуі идеясын жоюға бағытталған мәдени геноцид пен этникалық тазарту науқанының бір бөлігі болуы мүмкін, деп қорытындылады сарапшылар.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар