Ресей ДАИШ содырларынан да сорақы!

Телеграм әлеуметтік желісінде украин сарбазын қинап, тірідей басын кесіп алған видео жарияланды. Видеоны Ресейлік арналар таратқан, артынша ол өзге елдердің телеграм парақшаларында шыға бастады.

image.jpg


Видеода тұтқынға түскен қарусыз сарбазды аяусыз қинап, басын кесіп алғаны анық көрініс тапқан. Сарбазды өлтірген қылмыскердің аяғында ақ таңғыш мата оралған. Әдетте бұл Ресей әскерінің айырым белгісі саналады. Ал қаза тапқан сарбаздың қолында Украина әскеріне тән сары айырым белгісі бар. Видеодағылар орысша сөйлеп, тұтқынды аяусыз өлтіріп, басын алуға шақырғаны естіледі.


CNN осыған ұқсас тағы екі видеоны тапқанын жариялады. Онда да Ресейлік сарбаздардың қылмысы анық көрініс тапқан. Жалпы Ресейлік сарбаздар мен жендеттердің соғыс ережелерін, халықаралық келісімдер мен адам құқығын өрескел бұзып, тұтқындарды өлім жазасына кескен видеолары жетерлік.


Сирияда «вагнерлік» жендеттер сириялық сарбазды балғамен ұрып өлтірген видеосы әлемдік медианы дүр сілкіндірсе, ал Украина соғысында тұтқындарды ату видеолары көп таралуда.


Зеленский өлтірілген сарбазға қатысты мәлімдеме жасап, кінәлілерді тауып, жазалайтынын айтты.

af9cb555-8c25-415b-bb79-27901c1828d7.jpg


Ал Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба: «Ресей ДАИШ содырларынан да сорақы!», - деп пікір білдірді. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар