Бұ не мазақ: «Қызылжарлық сепаратистер күдікті емес»

СҚО-дағы тілегі нас сеператистерге байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Олар: «Қазақстаннан бөліндік, Тәуелсіздік алдық», - деп жариялады.

укпук.jpg

Тергеу барысында 18 қатысушыдан жауап алыныпты. Мәжіліс алаңында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Солтүстік Қазақстан облысындағы сепаратистік үндеулерге қатысты жағдай туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.


«Арыз бойынша іс қозғалған жоқ, бұл ақпаратты алған бойда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-тармағы – «БАҚ құралдарын пайдалану арқылы сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс аясында тұрғылықты жерінде, жұмыс орнында тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген бейнетасымалдаушыларға, сондай-ақ әлеуметтік желідегі сюжетке бірден экспертиза тағайындалды», – деді ол.


Өмірәлиевтің айтуынша, сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушы актілерінің квалификациясы бойынша қорытынды шығарып, бұлтартпау шарасын қолдануға болады.


«18 адамнан жауап алынуда, бірақ олар күдіктілер емес», – деп қорытындылады Бас прокуратураның өкілі.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар